РБ-51 Вакцинасы

РБ-51 Вакцинасы

 Бруцеллез ауруы жануарлар мен адамдарда болатын созылмалы жұқпалы ауру болып табылады. Көптеген жануарларда іш тастаумен және шуы түспеумен, өмір сүру қабілеті жоқ төлдердің тууымен және қысырлықпен байқалады. Адам бруцеллезінде індеттің негізгі көзі қой, ешкі, ірі қара мал, түйе, шошқа, марал және тағы басқа жануарлар болып табылады. Бруцеллез адамдарға әр түрлі жолдармен жұғады. Індет көбінесе жанасқанда (ауру малмен немесе олардың өнімдерін, шикізаттарын пайдаланғанда) немесе алиментарлық жолмен жұғады. Бүкіл әлем бойынша жұқпалы аурулармен күресудің ең маңызды және болашағы зор әдісі иммунопрофилактика болып табылады. КСРО кезінде жануарлар 19 штаммы және 82 штаммы вакциналары егілген. Қазырғы заманда жаңа РБ-51 вакцинасы АҚШ және Испания мемлекеттерінде қарқынды шығарылуда. РБ-51 вакцинасын қолдану АҚШ-та және Канадада жүздеген миллион малды толық сауықтыруға мүмкіндік берді. Қазір РБ-51 вакцинасы Бразилияда, Мексикада, Аргентинада – көп мал басы бар елдерде кеңінен қолданылады. РБ-51 вакцинасы патенттелген және оны Испаниялық «CV Veterinaria» компаниясы өндіреді. Вакцина Халықаралық Эпизоотиялық Бюромен (ХЭБ) және Еуропалық Одақпен келісіліп, қолдануға рұқсат етілген. Өткізілген арнаулы сынақтардан кейін РБ-51 вакцинасы Қазақстан Республикасы Ветеринарлық препараттарының реестрінде тіркелген және Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылық Министірлігінде тіркеуден өтіп, Ветеринариялық қадағалау және бақылау комитеті қолдануға рұқсат еткен РБ-51 вакцинасы бір мәрте қолданылады (жыл сайын қайталап егу талап етілмейді, егер мал тұратын аймақ аудан, облыс көлемі бруцеллезден таза болса). Жануарларды 4-айлық жастан еккен дұрыс, өйткені, жас малдарда иммунитеті жақсы, ересек малдарды да егуге рұқсат етіледі. Бруцеллез қауіпті болғандықтан тағыда бір қайталама вакциналауға (ревакцинация) қажет етіледі – бұл ағзаның иммундық қорғанысын күшейтеді. Ірі қара малға инъекция ретіндетері тері астына, мойынның төменгі бөлігіне егіледі. Ал қой ешкілерге бруцеллезге қарсы вакцина 3 айдан бастап егіледі, мөлшері 1 тамшы (коньюктивальды) көзіне мөлшерлеп тамызу. Басқа тірі вакциналарды еккеннен кейін кемінде 6 апта ішінде колданбау қажет, РБ-51 вакцинасын еккеннен кейін кемінде 14 күн ішінде ешқандай басқа вакциналарды қолданбау тиіс. Вакцинаны қолдану алдында бруцеллезге қанды серологиялық зерттеу жүргізу қажет. Тек теріс реакция көрсететін жануарларды ғана егу қажет.  РБ-51 вакцинасы бруцеллезге профилактика жасайды, бірақ оны емдемейді. Сондықтан, егер ауру малға вакцина жасатсаңыз, онда ол ауру болып қала береді. Қазырғы таңда РБ-51 вакцинасы арнаулы ветеринарлық дәріханаларда сатылуда, ірі қара мал вакцина бағасы 1 доза 400-500 теңге 1 доза еріткішпен (2 мл), қой және ешкі малдарына вакцина бағасы 65 тенге. РБ-51 вакцинасын міндетті түрде тек ветеринарлық маман ғана егуге құқығы бар. Жеке аулаларындағы малдарын РБ-51 вакцинасымен егуге ниет білдірген ауыл тұрғындары селолық округтің ветеринарлық пунктінің меңгерушісіне жазбаша түрде өтініш жазуы керек.

Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.