Мемлекет басшысы «Геодезия, картография жəне кеңістіктік деректер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Мемлекет басшысы «Геодезия, картография жəне кеңістіктік деректер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне геодезия, картография жəне кеңістіктік деректер мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” ҚР Заңына қол қойды.

2022 жылғы 1 желтоқсанда ҚР Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусин Парламент Сенатында “геодезия, картография жəне кеңістіктік деректер туралы” жəне “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне геодезия, картография жəне кеңістіктік деректер мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” ҚР Заңдарының жобаларын ұсынды.

Заң жобасының негізгі міндеті кеңістіктік деректердің ұлттық инфрақұрылымын енгізу, атап айтқанда, кеңістіктік деректерді тиімді пайдалану үшін бір платформада бірыңғай форматта және бірыңғай талаптар бойынша жедел және өзекті ақпаратты енгізу.

Осының алдыңғы "Геодезия жəне картография туралы" Заң 2002 жылы қабылданған жəне цифрландыру мен заманауи технологиялардың дамуы заңның өзгеруіне ықпал етуі керек екенін атап өткен жөн. Сонымен қатар, ашық қол жетімділікте бірыңғай мемлекеттік координаттар жүйесінің болмауы бұрын əртүрлі жəне заңды емес жүйелерді қолдануға əкелді. Бұл өз кезегінде бір елді мекенде бірнеше координаттар жүйесін пайдалануға алып келеді.

Негізгі Заң жобасын іске асыру нəтижесі халыққа көрсетілетін қызметтердің жеделдігі мен сапасын арттыру болады:

● Жер қатынастары;
● Сəулет;
● Құрылыс;
● Табиғатты пайдалану;
● Қоршаған ортаны қорғау;
● Геология;
● Тұрғын үй-коммуналдық ауыл шаруашылығы.

Сонымен қатар "Геодезия, картография жəне кеңістіктік деректер" туралы Заң бəсекелестікке жағдай жасауға, мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудың тиімділігі мен жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді.