Ғылыми-технологиялық мақсаттағы қазақстандық спутниктер сәтті ұшырылды

Ғылыми-технологиялық мақсаттағы қазақстандық спутниктер сәтті ұшырылды

Бүгін, яғни 2018 жылы 4 желтоқсанда Астана уақыты бойынша 00:32 сағатта ғылыми-технологиялық мақсаттағы қазақстандық екі ғарыш аппараты (ҒТМ ҒА) ғарыш жүйелері - «KazSTSat» микроспутнигі мен «KazSciSat-1» наноспутнигі «Falcon 9» тасымалдағыш зымыранымен Вандерберг (АҚШ, Калифорния) ғарыш айлағынан ұшырылды. Ұшырылым штаттық режимде өтті.

ҒТМ ҒА мақсаты – жобалау технологияларын жетілдіру, жинау және төменгі орбиталы ғарыш аппараттарын сынау, Жер ионосфераларына ғылыми зерттеу жүргізу, технологиялық жүктемелер (меншікті әзірлемелердің қосалқы жүйелері) үшін ұшу тарихын алу.

Алғаш рет ғарыш аппараттарын құруға ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитетінің қарамағындағы «Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК»  «Ғалам» ЖШС мен ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитетінің қарамғындағы «Ғарыштық зерттеулер мен технологиялар Ұлттық орталығы» Ғарыштық техникалар мен технологиялар институты қатысты.

Айта кету керек, а.ж 23 қазанынан «Ғалам» ЖШС инженерлері «SSTL», «Spaceflight» және «SpaceX» компанияларындағы өздерінің әріптестерімен бірлесіп тасығыш зымыранның ғарыштық бастиек бөлігінің модуліне спутниктер орнатты.

Ұшырылым видеосын мына сілтеме  – https://www.spacex.com/webcast  арқылы өтіп көруге болады.