Бағдат Мусин сенаторларға геодезия және кеңістіктік деректер туралы заң ұсынды

Бағдат Мусин сенаторларға геодезия және кеңістіктік деректер туралы заң ұсынды

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ҚР Парламенті Сенатында "геодезия, картография, кеңістіктік деректер туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне геодезия, картография, кеңістіктік деректер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заң жобаларын ұсынды.

Заң жобасының жаңалығы ол ұлттық кеңістіктік деректер  инфрақұрылымын (ҰКДИ) қалыптастыру болды, онда бір платформада бір форматта сенімді, жедел әрі өзекті ақпаратты тиімді пайдалану үшін кеңістіктік деректер құрылады.

"ҰКДИ, біріншіден, кеңістіктік деректерді жаңартып отыруға мүмкіндік береді. Екіншіден, деректерді автоматты түрде жаңартуды қамтамасыз ететін әртүрлі кадастрлар мен ақпараттық жүйелерді бір кеңістікке біріктіреді. Яғни, жергілікті жердегі жаңа нысан, мейлі үй болсын, жол болсын, мемлекеттік қызмет көрсету қызметтерінен өту кезінде картада пайда болады және жаңартады", - деді Бағдат Мусин.

Негізгі Заң жобасын іске асыру нәтижесінде жер қатынастары, сәулет, құрылыс, табиғат пайдалану және қоршаған ортаны қорғау және басқа да салаларда халыққа көрсетілетін қызметтердің жеделдігі мен сапасы артады. Бұдан басқа, бәсекелестік, мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудың тиімділігі мен жеделдігін арттыру үшін жағдайлар жасалатын болады.

Айта кетейік, "геодезия және картография туралы" ҚР қолданыстағы Заңы 2002 жылы қабылданған. 20 жыл ішінде геодезия және картография саласында үлкен өзгерістер болды. Өндіріске цифрлық технологиялар, спутниктік жабдықтар енгізіліп кеңінен қолданылды. Өлшеулердің дәлдігіне, тиімділігіне және кеңістіктік деректердің қолжетімділігіне қойылатын талаптар артты.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 1942 жылғы мемлекеттік координаттар жүйесі (СК-42) орнатылған, ол ескірген және дәлдік, тиімділік және прогрессивтілік жөніндегі талаптарға келмейді, ал ТМД мемлекеттерінің барлығы дерлік өздерінің мемлекеттік координаттар жүйелерін енгізді.