Бағдат Мусин Алматы облысының тұрғындарымен кездеседі

Бағдат Мусин Алматы облысының тұрғындарымен кездеседі

Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 24 қарашада сағат 17.00-де Алматы облысының тұрғындарымен кездеседі.

Кездесу Қонаев қаласының Мәденит үйі, Жамбыл көшесі 13 үй. өтеді. Облыс тұрғындары әр ауданда орнатылған бейнеконференцбайланыс арқылы кездесуге қатыса алады.

Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Youtube» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады.

Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріне сауал жолдауға шақырамыз.

 

Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, электрондық үкімет және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.