Облыстық бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігері Күршім ауданында жұмыс сапарымен болып қайтты

Облыстық бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігері Күршім ауданында жұмыс сапарымен болып қайтты

Ағымдағы жылдың 28 ақпанында облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігері Күршім ауданында жұмыс сапарымен болып қайтты. Сапар барысында Күршім ауданының Қалжыр, Боран ауылдық округтерінің ауыл тұрғындары және ауыл ақсақалдарымен кездесу ұйымдастырылып, бруцеллез ауруы бойынша шектеу тұрған аймақтардағы ауыл шаруашылығы жануарларын вакцинациялау тәртібі туралы айтылды. Күннің екінші жартысында басқарма басшысы «Күршім мал дәрігері» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратында болып, ұйым мамандарымен сұхбат жүргізді. Кездесу соңында ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларына қарсы вакциналардың сақталуы назарға алынды.