Мемлекеттік тіл егеменді еліміздің, мемлекетіміздің бір белгісі.

Мемлекеттік тіл егеменді еліміздің, мемлекетіміздің бір белгісі.

Мемлекеттік тіл егеменді еліміздің, мемлекетіміздің бір
белгісі. Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін әрбір азаматтардың тілі.
Тіл мәртебесі – ел мерейі. А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында талантты жастарға қолдау көрсету мақсатында «Қасиетті өлке, киелі мекен» тақырыбында аудандық шығарма байқауы өткен болатын. Облыстық байқауға жолдама алған Тасашы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Сейілхан Нұрай, Қарқара орта мектебінің 11 сынып оқушысы Даутхан Сабина топ жарып Қонаев қаласында өткен байқаудан жүлделі 3 орынды иеленді. Облыстық Тілдерді дамыту басқармасының Дипломымен, ақшалай сыйлықтарымен марапатталды. Сонымен қатар «Балалар жылы» аясында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту мақсатында ұйымдастырылған облыстық «Бала тілі -бал» облыстық акциясына аудандағы балабақшалардан қатысушы «Балауса» балабақшасының 5 жасар тәрбиеленушісі Дастанқызы Альфия, «Балдаурен» балабақшасының тәрбиеленушісі 4 жасар Даулетбай Мадина, Жылысай ауылының балабақшасының тәрбиеленушісі 4 жасар Ілияс Айсұлтан облыстық Тілдерді дамыту басқармасының арнайы Дипломы, сыйлықтарымен марапатталды.
Аудан әкімінің орынбасары Қабылбеков Кеңес Күнесбайұлы жүлдегерлерді арнайы қабылдап жылы лебізін білдіріп, сый –сияпат жасады.