15 қараша күні Ұлттық валютамыз – Теңге айналымға енді

15 қараша күні Ұлттық валютамыз – Теңге айналымға енді

15 қараша күні Ұлттық валютамыз – Теңге айналымға енді. Осы күні мемлекетімізде қаржыгерлердің төл мерекесі ретінде лайықты аталып өтіліп келеді. Реті келгенде айта кетуіміз керек, Ұлттық валютамызды салған Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлелов секілді суретшілер болды. Ал, Ұлттық валютаны Теңге деп атауды халықаралық инженерлер академиясының академигі, белгілі ғалым, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иесі Сауық Тәкежанов ұсынды. Қазір төл Теңгеміз Ұлттық банктің Алматы қаласындағы фабрикасында, монеталар Өскемендегі Монета сарайында шығарылып келеді.

Аудан әкімі ауданымыздағы қаржы саласында қызмет еткен, бірқатар қаржы саласының мамандарын марапаттады.

Құрметті қаржыгерлер!
Сіздерді жыл айналып бір келер кәсіптік мерекелеріңізбен құттықтай отырып, атқан таңның арайын, шыққан күннің шұғыласын, өмірдің бар жақсылығын, ұрпақтың бақытын, еңбектің жемісін тілеймін! Денсаулықтарыңыз мықты, ғұмырларыңыз ұзақ, көңілдеріңіз шат болып, жақсылықтан жақсылыққа жете беріңіздер!