Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні Қазақстанда алғаш рет аталып өтілуде

Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні Қазақстанда алғаш рет аталып өтілуде

Бүгін (10 қараша) IT-саласының қызметкерлері алғаш рет өздерінің кәсіби мерекесі – Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күнін атап өтуде.

«Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" тиісті қаулыға ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов қол қойды. Бұрын қолданыста болған, 17 мамырда аталып өтетін Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні мерекесі Байланыс қызметкерлері күні болып өзгертілді.

Цифрландыру және ақпараттық технологиялар күнін мерекелеу құрметіне Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі  (бұдан әрі - ЦДИАӨМ) «Цифрландыру. Бастауы (Алғашқы қадамдар)» атты мерекелік шара ұйымдастырды. Мұнда Қазақстандық IT саласының негізін қалаушылар, түрлі IT-компаниялар мен бизнес-құрылымдардың өкілдері шақырылды.

ҚР ЦДИАӨМ министрі Бағдат Мусин цифрландырудың маңыздылығын атап өтіп, қазақстандық IT саласының қарқынды ілгерілеуін атап өтті: "Бүгінде IT саласының қатысынсыз бірде-бір бағытты елестету мүмкін емес шығар. Бұл сөзсіз уақыт талабы. Өткенге көз жүгіртсек, біз бәріміз бірге қандай жұмыс жасағанымызға сену қиын – мемлекеттік секторды цифрлық рельстерге қою, білім беруді, медицинаны, әлеуметтік секторды, үкіметті диджитализациялау – осындай күрделі, орындалуы мүмкін емес болып көрінетін секторлар. Бірақ біз жасадық! Сынақ, қателік, тағы бір сынақ, дегенмен біз оған қол жеткіздік! Иә, әлі де көп жұмыс істеуіміз керек, әлі де жетілдіруіміз керек, десе де алғашқы қадамдар жасалды, іс басталды".

Іс-шара барысында Қазақстандық IT құрылтайшылары цифрлық инфрақұрылымның қалай құрылғаны және отандық IT-сервистердің қалай дамығаны туралы естеліктерімен бөлісті.

Бағдат Мусин IT салаға 15 жылдан аса еңбек сіңірген қызметкерлерге алғысын білдіріп, оларға ведомстволық марапаттар – "Үздік цифрландырушы" төсбелгілерін табыс етті.

"Цифрландыру жаһандық деңгейде де, жергілікті деңгейде де керемет қарқынмен дамып келеді және оның артында үлкен кәсіпқойлар тұр – Ол - Сіздерсіздер!"- деп қорытындылады Бағдат Мусин.