
Ағымдағы жылдың 18 мамыр күні Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі «Балалар үйінің түлектерімен кешенді шараларды ұйымдастыру және өткізу» әлеуметтік жобасының аясында балалар үйі түлектерінің қатысуымен «Маркетинг негіздері» тақырыбында қаржылық және заңнамалық сауаттылықты арттыру бойынша заң ғылымдарының кандидаты Кубеева Зульфия оқыту курсын өткізді. Шараға қатысушылар белсенді қатысып, қызығушылық танытты.