ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі TikTok бейне платформасында 25 миллионнан астам қаралым жинаған «Мы Просто Космос» атты хэштегі бойынша челленджді аяқтады.
20 қыркүйекте ЦДИАӨМ TikTok бейне платформасымен бірлесіп "Мы Просто Космос" жобасының іске қосылатынын жариялаған еді. Әлеуметтік бағыттағы "Мы Просто Космос" жобасының мақсаты- жастардың ғарыш және ғарыш инженериясы саласына қызығушылығын ояту, білім беру мазмұнын платформаға шығару арқылы Қазақстанның аэроғарыш өнеркәсібі тақырыбын жаңа деңгейге көтеру болды. Сонымен қатар, аэроғарыш өнеркәсібі саласында атқарылған жұмыстарды түрлі әлеуметтік желілерде кеңінен танымал ету мақсатында одан әрі қамту өте маңызды . Бұл жобаның нәтижесі болашақта ғарыш саласын ғана емес, жалпы ғылымды одан әрі дамытатын жоғары білікті мамандарды әкелуі мүмкін.
Жобаға "Қазақстан Ғарыш Сапары", Назарбаев университеті, Мәскеу мемлекеттік университеті, сондай-ақ химия, телескоп, және ғарышқа ұшуға спорттық дайындық саласындағы мамандар тартылды. Одан бөлек, Tik Tok бейне платформасындағы пікір жетекшілерімен тікелей эфирлер өткізілді. Бұл жоба 100 мыңнан астам қаралым жинаған қолданушыларға аэроғарыштық қызмет туралы қосымша ақпарат білуге мүмкіндік берді.
Естеріңізге сала кетейік, "Мы Просто Космос"жобасында 20 қыркүйектен 12 қазанға хэштег челленджі өткізілді. Осы аралықта челлендж қатысушылары ғарыш туралы қызықты білімдерімен бөлісті және ҚР ұшқыш-ғарышкері, Халық қаһарманы Айдын Айымбетовке қызықты сұрақтар қойды және оның Тik Tok платформа парақшасында кез келген сұраққа жауап алуға мүмкіндік берді. Осылайша, 25 миллионнан астам қолданушы "Мы Просто Космос" хэштегі бойынша жобаның бір бөлігі болды. Челлендж қорытындысы бойынша жеңімпаздар Ибрашев Бақытжан мен Ілиясов Рашит Айдын Айымбетовпен бірлесіп, 26 қазанда "Байқоңыр" кешенінің материалдық-техникалық, технологиялық және ғылыми-зерттеу базасынан "Прогресс" ТГК-мен "Союз" РКН зымыранын ұшырудың тікелей трансляциясын іске қосты. Сонымен қатар, DJI және "Қазақстан Ғарыш Сапары"қатысушылары үшін сыйлықтар табысталды.