Балалар үйі түлектеріне арналған психологиялық тренинг өткізілді

Балалар үйі түлектеріне арналған психологиялық тренинг өткізілді

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 23 қыркүйек күні «Балалар үйі түлектерімен кешенді шараларды ұйымдастыру және өткізу» жобасы аясында балалар үйі түлектеріне арналған психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг өткізген психолог Жақсығалиева Альфия Сырымқожақызы.