Ағымдағы жылдың 19 тамыз күні Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырумен «Балалар үйінің түлектерімен кешенді шараларды ұйымдастыру және өткізу» әлеуметтік жобасының аясында «Шаңырақ» балалар мен жасөспірімдер орталығында балалар үйі түлектерінің қатысумен семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингті психолог Жақсығалиева Альфия Сырымқожақызы өткізді. Қатысушылар бірнеше командаға бөлініп, қызықты ойындар ойнады.