Ағымдағы жылдың 27 шілде күні Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі үйымдастырумен «Балалар үйінің түлектерімен кешенді шараларды ұйымдастыру және өткізу» әлеуметтік жобасының аясында “Шанырақ” балалар мен жасөспірімдер орталығында балалар үйі түлектерінің қатысумен семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингте психолог Жақсығалиева Альфия Сырымқожақызы тренинг өткізді. Бірнеше ойындар ойнатылып, адамдар бірнеше командаға бөлініп, қатысушылар қуана қызығушылық танытып, белсенді қатысты.