Үкімет жанындағы Кеңесте экономика салаларының инновациялық дамуы бойынша жаңа тәсілдер мақұлданды

Үкімет жанындағы Кеңесте экономика салаларының инновациялық дамуы  бойынша  жаңа тәсілдер мақұлданды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен мемлекеттік органдар, бизнес және ғылыми қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің бірінші отырысы өтті.

Қазіргі әлемдік үрдістерге сәйкес, күн тәртібінде қолда бар ресурстарды барынша шоғырландыру үшін еліміздегі технологиялар мен инновацияларды дамытудың басымдығын айқындау қажеттігі туралы мәселе көтерілді. Өткізілген отырыс нәтижесі бойыншабасымдық берілген  3  технологиялық даму бағыты мақұлданды, олар: MedTech, AgriTech және GreenTech.

Бұл ретте MedTech пилоттық бағыт ретінде анықталды, оның аясында елдің инновациялық әлеуетін бағалау үшін форсайт және технологиялық аудит жүргізу жоспарлануда, ол өз кезегінде перспективті өнімдерді, көрсетілетін қызметтерді және технологиялар өндірісін анықтауды, сондай-ақ өндірістік процестерді жетілдіруді көздейді. Нәтижесінде бұл кәсіпорындардың әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілік деңгейін жоғарылатып, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ бүгінгі таңда электронды өнеркәсіп, денсаулық сақтау, Индустрия 4.0, АӨК, баламалы және атом энергетикасы, электр энергетикасы, мұнай мен газ, электр энергетикасы, жасыл технологияларды коммерцияландыру сияқты бағыттар бойынша құрылған 8 салалық технологиялық құзіреттілік орталықтарының (ТҚСО) жұмыс істеу мәселесі де қарастырылды.

Отырыс аясында Премьер-Министр Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, бизнес-қауымдастықты ТҚСО қызметін  ынталандыруға және одан әрі дамытуға тарту мәселесін пысықтауды тапсырды.

Сонымен қатар, отырыс қорытындысы бойынша Цифрлық даму министрлігіне «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп ҒЗТКЖ (ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды) қаржыландыру үшін (1%) жер қойнауын пайдаланушылар қаражатын мақсатты пайдаланылуының мониторинг пен бақылаудың ақпараттық жүйесін іске қосу бойынша бірыңғай тәсілдерді әзірлеу ұсынылды.