
«Кәсіби даму академиясы» жобасы аясында «Стресс-менеджмент. Конфликтология. Медиация» тақырыбында жастар ресурстық орталықтарының директорлары мен олардың орынбасарларына арналған семинар-тренинг басталды.
Семинар-тренинг үш күн өтеді және үш модульден тұрады. Қатысушылар тұлғааралық және іскерлік қарым-қатынастағы қақтығыстармен, коммуникативті әдістермен танысады, сонымен қатар стрессті басқару құралдарын үйренеді.
Бұл оқыту жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлерінің әртүрлі эмоционалдық жағдайларда адамдармен өзара іс-қимыл жасауы, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясатын іске асыру кезінде неғұрлым сапалы және тиімді қызмет көрсету дағдыларын арттыруға бағытталған.