Қостанай облысында орман жану ошақтары жерсеріктері арқылы бақыланды

Қостанай облысында орман жану ошақтары жерсеріктері арқылы бақыланды

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті республика аумағының үздіксіз ғарыштық мониторингін жүргізеді. Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы өрт кезінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» мамандары ҚР ТЖМ штабына және Қостанай облысының ТЖД-ға жану ошақтары туралы жедел деректерді ұсынды.

Мәселен, 2022 жылғы 2 қыркүйекте ҚР Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Кондратьев орманшылығының аумағында жану ошақтары тіркелді. ЖҚЗ деректері негізінде ағымдағы жағдайға талдау жүргізілді және желдің бағытын көрсете отырып, термалды нүктелер негізінде өрттің таралуына болжам жүзеге асырылды.

3-4 қыркүйек аралығында метеорологиялық жағдайдың күрделенуіне, оның ішінде ауа температурасының жоғары болуына (Цельсий бойынша 36 градусқа дейін), желдің дауылды екпіні 23 м/с дейін болуына байланысты өрт алаңының ұлғаюы тіркелді, өрттің жалпы ауданы 46 мың га құрады, оның ішінде 41 мың га - мемлекеттік орман қорының өртенген учаскелері.

ТЖ мониторингі отандық (KazEOSat-1, KazEOSat-2 және KazSTSat), сондай-ақ коммерциялық спутниктерден (PlanetScope, Landsat, Modis және Sentinel-2) және спутниктік навигациядан алынатын ғарыштан ЖҚЗ деректерінің негізінде жүргізіледі. 2022 жылғы 2-5 қыркүйек аралығында өрттің таралу ошақтарын жаңарту 20 рет ұсынылды.

Сонымен қатар, өрт қаупі Түркістан, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының аумағында байқалады.

Айта кету керек, «ҚҒС» ҰК» АҚ https://emer.gharysh.kz/  геосервисі әзірледі, онда Қостанай облысындағы өрт туралы үнемі жаңартылып отыратын өзекті деректер бар.

Геосервиске қолжетімділік ҚР ТЖМ-ге, ҚР Бас прокуратурасына және ҚР ТЖМ Жедел штабына берілді. Геосервисте, Мемлекеттік орман қорының шекарасын және жану аумағына ғарыштық түсірілімдерді, сондай-ақ ауа райы, желдің жылдамдығы мен бағыты туралы деректерді көрсете отырып, өзекті және мұрағаттық күн мен уақытты көрсетілген термалды нүктелері қабаттар ұсынылған.