Елордада ҮЕҰ өкілдері Президенттің тапсырмаларын және оларды жүзеге асыру жолдарын талқылады

Елордада ҮЕҰ өкілдері Президенттің тапсырмаларын және оларды жүзеге асыру жолдарын талқылады

Қазақстанның Әйелдер күштері альянсы елордада қаланың Ішкі саясат басқармасы басшылығының және әйелдердің, балалардың, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қорғаумен және гендерлік теңдікті дамытумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен кездесу ұйымдастырды. Талқыланған тақырып Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмалары болды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірқатар бастамаларды атап өтті:

"Қоғамдық игіліктердің жоғары деңгейіне және халықтың әлеуметтік осал санаттарын, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды қолдауға кепілдік беріледі".

Сонымен қатар, Президенттің балалар мен жастарды дамыту, әйелдердің зейнеткерлік жасын төмендету, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және т.б. жөніндегі тапсырмалары мен ұсыныстары еліміздің әйелдер қауымдастығында кеңінен қолдау тапты.

Осыған байланысты Мемлекет басшысының барлық ұсыныстарын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстанның үкіметтік емес секторы мен әйелдер қоғамдастығының белсенді қатысуы аса маңызды болып табылады.

Президент Жолдауын іске асыру аясында іс-шаралар жоспарын бекіту елордадағы кездесудің қорытындысы болды.

Айта кету керек, Қазақстанның Әйелдер күштері альянсы әйелдердің, балалардың, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қорғау және гендерлік теңдікті дамыту саласында жұмыс істейтін 140-қа жуық үкіметтік емес ұйымдарды біріктіреді. Оның миссиясы Қазақстандағы әйелдердің, балалардың және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың мәртебесі мен өмір сүру сапасын арттыру болып табылады.