«Жастар» сарайында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

«Жастар» сарайында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

8 қыркүйекте «Жастар» сарайында қаладағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Жалпы қалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі жұмыссыз азаматтардың жұмысқа орналасуы үшін өткізіледі. Оған 50-ден астам жұмыс беруші қатысады.

Жәрмеңке 8 қыркүйек күні сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін Республика даңғылы, 34 мекенжайы бойынша өтеді.