БАҒДАТ МУСИНГЕ БАЛАЛАРДЫҢ БІЛІМ АЛУЫНА ЖӘРДЕМДЕСУ МАҚСАТЫНДА ГАДЖЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН «+1 ИЛОН МАСК» ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

БАҒДАТ МУСИНГЕ  БАЛАЛАРДЫҢ БІЛІМ АЛУЫНА ЖӘРДЕМДЕСУ МАҚСАТЫНДА ГАДЖЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН «+1 ИЛОН МАСК» ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің  Instagram парақшасында мәлімдеді.

«IT нарықтағы тың жобалармен танысу және  саланы дамыту бойынша ұсыныстарды талқылау мақсатында қазақстандық  IT компанияларды аралауды бастадым. Бірінші кезекте, 16 IT-компанияға жетекшілік ететін елордадағы Kaz dream холдингіне бардым.

Kaz dream бірнеше бағытта жұмыс істейді, соның ішінде B2B, ақпараттық қауіпсіздік, құқық қорғау органдары үшін және т.б бағытта IT өнімдер әзірлейді. Айтпақшы, олар біртіндеп халықаралық деңгейге шығуда – шетелдік компаниялардың өкілдері Kazdream өнімдеріне қызығушылық танытып отыр.

Холдингтің әлеуметтік жобаларға көп көңіл бөліп отырғаныны қуантты.

Кездесу барысында олар маған  жүзеге асырып жатқан – «+1 Илон Маск» жобасы туралы да айтып берді. Бұл жоба -әр ауыл баласын гаджетпен қамтамасыз етуге, осылайша олардың  білім алуларына жағдай жасауға бағытталған.  Олар жыл сайын компанияда есептен шығарылатын ноутбуктерді  өз қаражаттарына жөндеп, мұқтаж балаларға үлестіреді екен.  Бұл жобаға техниканы беру арқылы ғана емес, оны жөндеу бойынша ерікті ретінде де қатысуға болады.

Менің ойымша, осындай жас және жауапты компаниялар Қазақстанның IT-индустриясының болашағын қалыптастырады және мемлекеттік орган ретінде біз оларды қолдап, дамуы үшін жағдай жасауымыз керек»- деп жазды Бағдат Мусин.

https://www.instagram.com/p/CiMxl4mKY3n/?igshid=MDJmNzVkMjY%3D