«Өндірістік сектор консорциумдары I: Құзыреттілік орталықтары» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс

«Өндірістік сектор консорциумдары I: Құзыреттілік орталықтары» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде «Өндірістік сектор консорциумдары I: Құзыреттілік орталықтары» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жариялайды.

Гранттық бағдарламаның мақсаты - жаңа технологияларды (ҒЗТКЖ) әзірлеу, зертханалық ауқымда өндірістік процестерді модельдеу және жетілдіру ("модельдік фабрика"), сондай-ақ саланы дамыту жөніндегі ұсынымдарды талдау және әзірлеу арқылы өнеркәсіптің жүйелік салалық міндеттерін шешуге бағытталған құзыреттер орталықтарын құру.

Портал арқылы өтінімдерді қабылдау 2022 жыл  19  тамызда басталады және 2022 жылғы 20 қыркүйекте  Нұр-сұлтан уақыты бойынша 18 сағат 00 минутта аяқталады.*

Гранттық бағдарлама туралы толық ақпаратпен www.fpip.kz. сайтында «Өндірістік сектор консорциумдары I» гранттық бағдарламасы бойынша нұсқаулықтан танысуға болады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер www.fpip.kz сайтында электрондық портал арқылы ағылшын, қазақ және/немесе орыс тілдерінде қабылданады. Өтінімді ағылшын тілінде толтыру міндетті, өйткені жобаларды халықаралық сарапшылар ағылшын тілінде сараптайтын болады. Өтінім берушілер гранттық бағдарлама бойынша нұсқаулықтың барлық талаптарымен мұқият танысып шығуы және оларды сақтауы тиіс.

Барлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Қатысу талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер қарастырылмайды және қабылданбайды.

Өтінімді толтырудан бұрын кіші жобаларға қойылатын экологиялық талаптармен, сондай ақ Жоба аясында қаржыландырылмайтын қызмет түрлерімен мұқият танысып шығу қажет.

Барлық сұрақтар бойынша consortia@fpip.kz электронды поштасы немесе +7 777 149 80 36 телефон нөмірі арқылы хабарласа аласыз 

 * өтінімдерді қабылдау мерзімі Дүниежүзілік банкпен келісім бойынша ұзартылуы мүмкін.