Цифрлық министрлікте бұқаралық спорттан спартакиада өтті

Цифрлық министрлікте бұқаралық спорттан спартакиада өтті

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен мекемеге бағынысты ұйымдардың қызметкерлері арасында бұқаралық спорт түрлерінен спартакиада өтті.

Салауатты өмір салтын насихаттау, корпоративтік мәдениетті дамыту және командалық рухты нығайту мақсатында ұйымдастырылған жарысқа 12 құрама командаға біріктірілген 800-ден астам адам қатысты.

Министрлік және оған қарасты ұйымдар – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Astana Hab» халықаралық технопаркі, «Qazinnovations» АҚ, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы»  АҚ, «Қазақстан ғарыш сапары» АҚ, «Ғалам» ЖШС, «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК, «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» РМК, «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» РМК, «Бәйтерек» АҚ ұжымдары спорттың 13 түрі бойынша бақ сынасты.

Соның ішінде қазақша күрес, асық ату, арқан тарту сияқты ұлттық спортпен қатар мини-футбол, волейбол, баскетбол, үлкен теннис, жүгіріс, гір көтеру, велоспорт, шахмат, үстел теннисі, сондай-ақ қазіргі таңда әлемде қарқынды дамып жатқан киберспорт бар.

Екі күнге созылған спартакиаданың нәтижесіне сәйкес 1-орынға «Азаматтарға арналған үкімет» МК, 2-орынға «Ұлттық ақпараттар технологиясы» АҚ және 3-орынға «Қазақстан ғарыш сапары» АҚ командасы ие болды.