QazInnovations жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға конкурс жариялады

QazInnovations жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға конкурс жариялады

«QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыты бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттарды іріктеу конкурсын жариялайды.

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыты бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға арналған инновациялық грант қазіргі заманғы АКТ шешімдерін енгізу арқылы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды цифрландыруға және Индустрия 4.0-ге көшіруге бағытталған.

Өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 15 тамызда басталып, 2022 жылғы 20 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 18:00-де аяқталады.

Конкурс шарттарымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000021380.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер электронды портал арқылы қабылданады. Өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін ZOOM платформасында барлық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Тіркелу сілтемесі https://forms.gle/xaPdqhM34TBvMAhR7. Ақпаратты зерделегеннен кейін сұрақтарыңыз пайда болса, +7 775 623 14 22 нөміріне қоңырау соғып, сондай-ақ WhatsApp немесе Telegram-ға жазып, жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін кеңес ала аласыз.

Сіз біздің telegram-чатымызда нақтылайтын сұрақтар қоя алатыныңызды еске саламыз (сілтеме: https://t.me/QazInnovations_chat).