Орал медициналық-әлеуметтік мекемесінің ардагерлеріне арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Орал медициналық-әлеуметтік мекемесінің ардагерлеріне арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және «Ақжайық жастары» волонтерлерімен қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Орал медициналық-әлеуметтік мекемесінің ардагерлеріне арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Шара барысында волонтерлер, «Шынар-ай» би ансамблі, №33 ЖББМ және «125 high school» мектебі қариялардың көңілдерін көтеру мақсатында өз өнерлерін көрсетті.

Сондай-ақ, қарияларға «Romantic» және «Крендель» ұжымдары өз өнімдерін, яғни, гүлдер мен тәттілер ұсынды.

Шара соңында ат салысқан барлық ұжымдарға облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысының атынан алғыс хаттар табысталды.