Балалар мен жасөспірімдерге арналған қазақ тіліндегі тұңғыш стриминг-платформаның таныстырылымы өтті
Бүгін елордада балалар мен жасөспірімдерге арналған қазақ тіліндегі тұңғыш стриминг-платформаның таныстырылымы өтті.
ÖZINŞE деп аталатын онлайн кинотеатрда әртүрлі жастағы балаларға арналған толықметрлі анимациялық және көркем фильмдер, комикстер, мультхикаялар, телесериалдар, ситкомдар топтасқан.
Жобаның тұсаукесеріне ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров қатысып, платформа жұмысын мейлінше қолдайтынын білдірді. Атап айтқанда, министрлік тарапынан сервисті жаңа контентпен толтыру мәселесінде көмектесетінін жеткізді.
Стриминг платформаны жүзеге асырушы авторлары, балалар контентін жасаушы мамандар Мақпал Жұмабай мен Сандуғаш Баймаханқызы бұл жобаны 2020 жылдан бастап ойластырғандарын айтады.