Қазіргі уақытта Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясының 2026 жылға дейінгі даму тұжырымдамасының жобасын әзірледі. Құжат жаңа Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес келтірілді (ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 99 қаулысы), этносаралық саладағы мемлекет саясатының басымдықтарын, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының алдында тұрған заманауи міндеттері мен жұмыс бағыттарын ескереді.
Құжаттың талдау бөлігінде 2022 жылғы 1 қаңтардағы ел халқының этникалық құрамы бойынша статистикалық деректер көрсетілген, олар ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының ресми сайтынан алынған (https://stat.gov.kz).
ҚХА-ның 2026 жылға дейінгі даму тұжырымдамасының жобасы мүдделі орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен, оның ішінде ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен келісілді.
Бұл ретте, Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша санақтың түпкілікті ресми қорытындылары 2022 жылдың соңында бекітілетін болады.