"Байқоңыр" кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы Сенаттың пленарлық отырысы

"Байқоңыр" кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы Сенаттың пленарлық отырысы

Ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында ҚР Президентінің "Байқоңыр" кешені жөніндегі арнаулы өкілі, облыс әкімінің орынбасары Б.Б. Намаев пен облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ш.С. Қойшыбаев Сенаттың пленарлық отырысында "1994 жылғы 10 желтоқсандағы ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Заң жобасын сенат депутаттарының алдында жан-жақты талқылау, түсіндіру шараларына қатысты.

Аталған Хаттама сенат депуттары тарапынан бірауыздан қолдау тауып, бекітілді.

Нақтырақ айтар болсақ, хаттамада РФ-на жалға берілген жерлер құрамынан 11,6 мың гектар аумақты жалдан шығару жағдайы көзделіп, Қазақстан мен Ресей Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгерістер енгізу белгіленген болатын.

Қайтарылған жалпы көлемі 11,6 мың гектар жер учаскелерінде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автокөлік дәлізі, Алматы-Мәскеу темір жолы мен
«Бейнеу-Шымкент» газ құбырының желілік бөліктері орналасқан.

Алдағы уақытта қайтарылған жер учаскелері кәсіпкерлік мақсатына пайдаланылатын болады. Оның ішінде, негізінен Еркін экономикалық аймақ және туристтік ойын сауық орталықтарын салу жоспарланған.

Еркін экономикалық аймақ өңірдің экономикалық әлеуетін арттыру бойынша, оның ішінде туризмнің, көліктік инфрақұрылымның дамуы, құрылыстың артуы, жаңа кәсіп түрлерінің пайда болуына, жұмыссыздықтың азайуы және т.б. ықпал етеді деп күтілуде.

Ендігі кезекте, ҚР Заңнамаларына сәйкес Хаттама Қазақстан Республикасы Президентіне қол қоюға жіберілді.