Бағдат Мусин Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді

Бағдат Мусин Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 2022 жылғы 24 мамырда сағат 09.00-де Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшысы Бағдат Батырбекұлы Мусин Ақтөбе қаласының мамандандырылған ХҚКО-да (мекенжайы: Батыс-2 шағын ауданы, 21б үй) Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды, сондай-ақ «Жұбановтар әлемі» шығармашылық орталығының (Мекен жайы:Мәңгілік ел көшесі 1А) ғимаратында облыс тұрғындарымен кездесу өткізеді.  

Аталған кездесулер Министрліктің «Facebook» және «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында көрсетіледі.

Сондай-ақ азаматтар өздерін алаңдатқан мәселелер бойынша өтініштерін moap@mdai.gov.kz  электрондық поштасына жібере алады.  

Министрлік қызметінің бағыттары: телекоммуникация және байланыс, электрондық үкімет және мемлекеттік қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия және картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.