НҰР-СҰЛТАНДА ҚАЗАҚСТАН ЭКСПОРТТАУШЫЛАРЫНЫҢ БІРІНШІ ФОРУМЫ ӨТТІ

НҰР-СҰЛТАНДА ҚАЗАҚСТАН ЭКСПОРТТАУШЫЛАРЫНЫҢ БІРІНШІ ФОРУМЫ ӨТТІ

Форум жұмысына 70-ке жуық экспорттаушы компания қатысты. Іс-шара барысында көрме өтті, онда белсенді экспорттаушылар шетелдік нарықтарға ілгерілететін тауарларын көрсетті.

Барлық экспорттаушылар - экспортты мемлекеттік қолдау бағдарламаларының қатысушылары.

Форумды ашқан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстандағы белсенді экспорттаушылардың саны 540-тан асқанын, бұл 2020 жылдың көрсеткішінен 100 компанияға артық екенін хабарлады.

Сұлтанов соңғы екі жыл бүкіл халықаралық сауда үшін күрделі болғанын, ал жалғасып жатқан COVID-19 салдары мен әлемдегі геосаяси жағдай бүгінде Қазақстанның сыртқы сауда белсенділігіне әсер етіп отырғанын атап өтті.