«Наурыздың жеті қыры» тақырыбында мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлыс өкілдерінің арасында ұйымдастырылатын бейнероликтер байқауының ЕРЕЖЕСІ

«Наурыздың жеті қыры» тақырыбында мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлыс өкілдерінің арасында ұйымдастырылатын бейнероликтер байқауының  ЕРЕЖЕСІ

«Наурыздың жеті қыры» тақырыбында мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлыс өкілдерінің арасында ұйымдастырылатын бейнероликтер байқауының ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

1.1. Байқаудың мақсаты: Наурыз мейрамының сан түрлі қырын ашу арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және құрметтей білуге тәрбиелеу.

1.2. Байқаудың міндеттері:

- Наурыз мерекесін ұлттық-салт дәстүрді, әдет-ғұрыпты байланыстыра отырып насихаттау;

- Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, маңызы туралы түсінік беру.

1.3.  Байқау мемлекеттік тілде өткізіледі.

1.4. Байқау 16 – 30 жас аралығындағы өзге ұлыс өкілдері болып табылатын мемлекеттік тілді жетік меңгерген облыс тұрғындары арасында ұйымдастырылады.

1.5. Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады.

 

  1. Өткізілу кезеңдері:

2.1. Байқау жұмыстары 2022 жылдың 1 – 15 наурыз аралығында tdb_oral@mail.ru электронды поштасына жіберілуі қажет.

2.2. Байқауға келіп түскен жұмыстарды байқау комиссиясы қарап, 2022 жылдың  17 наурызы күні қорытындылайды.

 

  1. Байқауды өткізудің тәртібі

3.1. Байқаудың шарттары:

- қатысушы «Наурыз» мейрамымен байланысты салт-дәстүрдің бір қыры бойынша қызықты деректермен байланыстыра отырып, кеңінен ақпарат беріп, бейнежазба түсіруі тиіс.

- бейнежазбаның ұзақтығы 2-3 минуттан аспауы тиіс;

- фонограммаларды  пайдалануға тыйым салынады;

- акустикалық реверберация («Эхо») болмауы керек;

- бейнежазбада сыртқы дыбыстар, шулар, кедергілер болмауы керек;

- қатысушының аты-жөні, тұрғылықты жері, оқу орны мен курсы немесе жұмыс орны мен лауазымы субтитрлер арқылы көрсетіледі;

- осы ережеге жалғанған қосымшаға сәйкес өтінімді жазып жолдау қажет;

- жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жұмыстар комиссия қарауына жіберілмейді.

3.2. Байқаудың критерийлері:

- Тіл қолданысының тазалығы;

- «Наурыз» мейрамына қатысты салт-дәстүрді қызықты деректермен байланыстыра отырып түсіндіру деңгейі;

- Бейнежазбаның креативті болуы.

 

  1. Қорытынды ережелер

4.1. Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы ғалымдар, тіл мен мәдениет салаларының зиялы қауым өкілдерінен  тұрады. 

4.2. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы диплом және алғыс хаттармен марапатталады.

4.4. Байқаудың жеңімпаздары туралы ақпарат байқау қорытындыланғаннан кейін 5 жұмыс күн ішінде БАҚ беттеріне жарияланады (Facebook – БҚО Тілдерді дамыту басқармасы, Instagram - @bqo_tilder).

Байланыс телефондары: 8 (7112) 50-64-26, 87477614793.

E-mail: tdb_oral@mail.ru

 

Қосымша - "Өтінім нысаны".