
Ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында басқарма басшысы Қойшыбаев Шахмардан Сұлтанбекұлы Алматы қаласында
“Ғылыми жетістіктер мен сандық технологиялар негізінде Агроөнеркәсіп кешенінің дамуы” IV-Халықаралық Агротехнологиялық Саммитінде Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің инновациялық, технологиялық және тұрақты дамуына ықпал ету, ауыл шаруашылығын цифровизациялау, жер, су, еңбек ресурстарын тиімді басқару, мал шаруашылығын дамыту, нақты егіншілік және жылыжай кешені, жас ғалымдардың диалогтық алаңы және т.б. ауыл шаруашылығына қатысты мәселелер бойынша талқылауға қатысты.Талқылау барысында аталған мәселелер бойынша бірқатар шетел мамандарының тәжірибелерін өңірімізге қолдану мәселесін зерделеді.