Инновациялық жобаларды қолдау

Инновациялық жобаларды қолдау

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын (бұдан әрі - «Жоба») іске асыру шеңберінде Дүниежүзілік банкпен бірлесіп инновациялық жобаларды қолдау жөнінде конкурс өткізді.

2022 жылғы 18 ақпаннан 31 наурызға дейін «Өндірістік сектор консорциумдары I: Құзыреттер орталықтары» гранттық бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылданды, оның мақсаты - осы орталықтың жаңа технологиялары мен әзірлемелерін құру арқылы шешілетін салалық технологиялық міндеттерді шешу үшін өндірістік кәсіпорындарды міндетті түрде тарта отырып, ЖОО немесе ҒЗИ базасында құзыреттердің жетекші технологиялық орталығын құру болып табылады.

Қазір конкурс аяқталды. Ғылым және коммерцияландыру жөніндегі халықаралық кеңестің бағалау қорытындысы бойынша Министрліктің Ведомствоаралық комиссиясы мынадай кіші жобаларды іріктеді.

Өтінім нөмірі

Жоба жетекшісі

1

16625

Илаева Альфия Рашидовна

2

16773

Нефтисов Александр Витальевич

3

17371

Джексембаева Асель Ермековна