Қамыстыбас (Қамбаш) көлі – Сырдария өзенінің сағасындағы тұзды көл. Флора мен фаунаға бай бірегей су айдыны. Жағажай жиегі табиғи ірітүйіршікті құмнан тұратын суға түсуге бейімделген жер. Түбі, жатық, жұмсақ, суы мөлдір, тұшшы, мамыр айынан бастап қыркүйекке дейін 5 ай бойы, су температурасы күн ванналарынан ләзат алуға мүмкіндік береді. Камыстыбас көлінің көлемі 2тұрақсыз, орташа есеппен 170 км . Тереңдігі 10 метрге дейін. Көл жағасында, жайлы жабдықталған «Қамбаш» демалыс аймағы бар, жергілікті экзотиканың дәмін татуға ниет білдіргендерге, киіз үйлерге жайғасуға болады.