«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады!

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады!

Тақырыбы: «Заңды тұлғаның кабинеті. Бизнес иелері үшін БЖЗҚ онлайн-сервисі».

БЖЗҚ 2022 жылдың 18 наурызында онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді.

Іс-шараның мақсаты – салымшыларға заңды тұлғаның жеке кабинетімен, заңды тұлғалар үшін «БЖЗҚ» АҚ электрондық қызметтерімен, сондай-ақ салымшылар ретінде оларға қолжетімді қызметтер тізбесімен таныстыру жөніндегі ақпаратты ұсыну болып табылады.

Ашық есік күні Қор салымшыларының барлық санаттары үшін, соның ішінде кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, жеке кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес қатысушылары үшін өткізіледі.

Іс-шараны өткізу барысында салымшыларға (алушыларға) заңды тұлғалардың кабинетінде «БЖЗҚ» АҚ электрондық сервистерін пайдалану алгоритмі көрсетілетін болады.

Сервис салық агенттері болып табылатын жұмыс берушілерге арналған, олардың міндеттеріне қызметкерлердің зейнетақы жарналарын аудару кіреді. Қазіргі уақытта сервис пайдаланушыға міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерікті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша төлем тапсырмаларын құруға, редакциялауға және баспаға жіберуге мүмкіндік береді.

Аталған сервистің аясында редакциялау (қызметкерлерді алып тастау және қосу) мүмкіндігімен бірге қорға төлемдері жіберілуі тиіс қызметкерлердің тізімін көруге болады. Бұдан бөлек, сервис төлемдер тарихынан бұрын құрылған төлем тапсырмалары бойынша барлық деректерді көруге мүмкіндік береді.

Заңды тұлғаның кабинетіне кіру рұқсаты қол қоюға құқығы бар заңды тұлғаның бірінші басшысына немесе заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген Электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде ғана қаржылық құжаттарға қол қою құқығы берілген тұлғаға берілген.

Сондай-ақ кездесу барысында жауапты қызметкерлер салымшыларды қызықтырған басқа да сұрақтар бойынша жеке кеңестер де береді.      

Естеріңізге саламыз, «Ашық есік күні» 18 наурызда 11:00 - қазақ тілінде, 12:00 - орыс тілінде онлайн форматта  өтеді.

Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы сілтеме бойынша өтуі қажет https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e8d5898075ca5f0d864ac853f5c13db3d

Содан кейін event-кеңес нөмірін енгізу: 2511 973 7122  және event-кеңес паролін енгізу: 1231 қажет.

 «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өзінің салымшыларын, алушыларын және қатысуға ниет білдіргендерді күтеді!