2021 жылдың 22 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Батыс Қазақстан облысы бойынша “Жасыл ел” жастар еңбек және құрылыс жасақтары” штабының ұйымдастыруымен Халықаралық жастар экологиялық форумы өтті. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Батыс Қазақстан облысының «Жасыл ел» жастар еңбек және құрылыс жасақтары Халықаралық жастар экологиялық форумын өткізу арқылы жастардың экологиялық қозғалысын ұйымдастырып, жастармен біріге отырып экологиялық мәселелердің шешімін табуға ат салысуға тырысты. Сонымен қатар, форумда экологиялық мәселелерге назар аудара отырып, экологиялық сектордағы стартап жобаларды анықтады.