Жер учаскелерін табыстау жөнінде жер комиссиясының отырысы өтті

Жер учаскелерін табыстау жөнінде жер комиссиясының отырысы өтті

2022 жылғы 4 наурыз күні сағат 09.30-да Zoom режимінде Саран қаласы әкімінің орынбасары, «Саран қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы, Қарағанды облысыӨңірлік Кәсіпкерлер палатасы Саран қаласы бойынша филиалының директоры, қала кәсіпкерлері, Қоғамдық кеңес мүшесі, «Саран тынысы» ЖШС директорының қатысуымен жер учаскелерін табыстау жөніндегі жер комиссиясының отырысы өтті. Жер комиссиясының отырысында жер учаскелерін беру жөніндегі азаматтардың 5 өтініші қаралды және барлық 5 өтініш бойынша оң шешім шығарылды.

Жер учаскесіне құқық беру мәселесі бойынша толығырақ ақпарат алу үшін «Саран қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-не 8/72137/73924 байланыс телефоны бойынша хабарласа аласыздар.