Ақмола облысы бойынша жұмыс іс-сапар

Ақмола облысы бойынша жұмыс іс-сапар

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті Ақмола облысының Жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары Р.Ж. Төкенов Ақмола облысы әкімінің орынбасары Г. К. Әбдіхалықовтың Жарқайың, Есіл, Жақсы және Атбасар аудандары бойынша жұмыс сапарына қатысты. Аталған жұмыс сапарда ауыл шаруашылығы құрылымдарының және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесулер өткізілді. Кездесулерде жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және пайдаланылмайтын жерлерді мемлекет меншігіне қайтару рәсімін оңайлатуға қатысты жер заңнамасына енгізілетін жаңалықтар мәселелері талқыланды.