Шығарылатын электр энергиясының қалыпты сапасын сақтауды қамтамассыз етпегені үшін «Ақмола электржелілік үлестіру компаниясы» АҚ әкімшілік жауапкершілікке тарту

Шығарылатын электр энергиясының қалыпты сапасын сақтауды қамтамассыз етпегені үшін «Ақмола электржелілік үлестіру компаниясы» АҚ әкімшілік жауапкершілікке тарту

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ (бұдан әрі – Департамент) «Ақмола электржелілік үлестіру компаниясы» АҚ (бұдан әрі-АҚ) қатысты кезектен тыс тексеріс барысында Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 247 бұйрығымен бекітілген «Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – ереже) ережелерінің талаптарын бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда шығарылатын энергияның қалыпты сапасын қолдауды қамтамассыз етпеген және энергетикалық қондырғылардың техникалық жай-күйін тұрақты және жүйелі түрде бақылануының ұйымдастырылуы оның жай-күйіне жауапты тұлғалармен қажетті түрде ұйымдастырылмаған.

Аталған факті бойынша Департамент, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 300 бабын басшылыққа ала отырып, «Ақмола электржелілік үлестіру компаниясы» АҚ қатысты қысқартылған іс жүргізу тәртібімен әкімшілік құқық бұзушылық қозғалды.

Департамент барлық энергия беруші ұйымдарға шығарылатын электр энергиясының қалыпты сапасын сақтауды қамтамассыз етуді және ереже талаптарына сәйкес энергия қондырғыларының жай-күйіне жауапты олардың жай-күйіне тиісті түрде тұрақты және жүйелі түрде бақылау ұйымдастыруды ұсынады.