"ҚР АШМ ОШР Қостанай облысының Жер ресурстарын басқару департаменті" РММ

"ҚР АШМ ОШР Қостанай облысының Жер ресурстарын басқару департаменті" РММ

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 21 қаулысына сәйкес облыс әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы орталық уәкілетті органның (Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару комитетінің) аумақтық бөлімшесі болып қайта ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта Қостанай облысының аумағында жер қатынастары саласындағы мемлекеттік бақылауды "ҚР АШМ ОШР Қостанай облысының Жер ресурстарын басқару департаменті" РММ (бұдан әрі-Департамент) жүзеге асырады.

Айта кету керек, Департамент "Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы"ММ құқықтық мұрагері болып табылады.

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес Департаменттің функциялары айтарлықтай артты.

Мәселен, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару комитетінен облыс және облыстық маңызы бар қалалар әкімдігіне қатысты қабылданған шешімдердің заңдылығы мәселесі бойынша тексерулер жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік жер кадастрының дұрыс жүргізілуіне бақылау жүргізу функциялары берілді;

Қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарынан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге тексеру жүргізу құзыреті қайтарылды;

Ауылдық округтер, ауылдар мен кенттер әкімдерінен-Жеке тұлғаларға қатысты мемлекеттік меншіктегі жерлерді өз бетінше иеленіп алу және жер учаскелерін нысаналы мақсатта пайдаланбау мәселелері бойынша тексерулер жүргізу.

Департаменттің негізгі функцияларының бірі пайдаланылмай жатқан жерлерді алып қою болып қала береді. Қазіргі уақытта мемлекеттік меншікке ауыл шаруашылығы мақсатындағы 230 мың гектардан астам жер, оның ішінде 141 мың жайылымдық жер қайтарылды.

Осы бағыттағы жұмыс, оның ішінде жердің ғарыштық мониторингі деректерін ескере отырып, жалғасуда, бұл тексеру іс-шараларын жүргізу үшін қалалар мен аудандар әкімдіктерінің Департаментке жүгінуі үшін қосымша негіз болып табылуы мүмкін.