Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 30 маусымдағы № 59-VII Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі-заң) сәйкес, жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі құзырет орталық уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне беріледі. Бұл орталық уәкілетті орган ведомствосының облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық бөлімшелері.
Жер кодексінің 14-1-бабының 4-тармағына сәйкес, Басқармаға жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша берілген құзырет жоғарыда көрсетілген заңмен алынып тасталды.
Осылайша, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Басқарманың жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша құзыреті жоқ.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Басқармада мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мәселесіне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін мәні бойынша қарау мүмкіндігі жоқ.
Өтініш берушілерде ҚР Азаматтық кодексінің 45-48 баптарында көрсетілген қайта ұйымдастыру рәсімі аяқталғаннан кейін тиісті аумақтық бөлімшеге жүгіну құқығы бар.