Бүгін Басқарманың мәжіліс залында облыстық билер кеңесінің төрағасы Нұрсейітов Зейнулла Әлімжанұлының қатысуымен алқа билер отырысы өткізілді.
Шараға Байқоңыр қалалық сотының төрағасы Т. Жүсіпов, қала прокуроры Н. Унгарбаев, Төретам кенті және Ақай ауылдық округының әкімдері мен қалада орналасқан ҚР мекеме басшылары қатысты.
Байқоңыр қалалық билер кеңесі Қызылорда облысы бойынша алғаш рет 2019 жылы Байқоңыр қалалық сотының төрағасы Т.Жүсіповтің бастамасымен құрылды.
2019 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша, Байқоңыр қалалық сотында билер кеңесінің қатысуымен 40-тан астам мәселелер медиация тәртібінде шешілген.
Жұмыс сапары барысында З. Әлімжанұлы Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы К. Бусыгинмен кездесіп, бірлесіп атқарылған нәтижелі жұмыстар үшін Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қ. Нұрышевтың алғыс хатын табыстады.
Шара соңында, қалалық билер кеңесі мүшелерімен жиын өткізіліп, алдағы жұмыс жоспары талқыланды.