Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Рашид Аюпов облыстың және еліміздің дамуына үлес қосып, еңбегімен дараланған бір топ азаматқа мемлекеттік марапаттарды тапсырды. Салтанатты рәсімге қатысушыларды еліміздің басты мерекесімен құттықтаған Р.Аюпов облысымыздың дамуына үлкен үлес қосқан марапат иелерінің еңбегі зор екенін жеткізді.
Олардың бірқатарына тоқталсақ, ҚР Президентінің «Ерен еңбегі үшін» медаліне Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасы басшысының орынбасары Қанат Парманқұлұлы Шонбасов және басқарманың өнеркәсіп бөлімінің басшысы Хикматилла Тәжібаев ие болды.