Қазақстанның барлық өңірінде ХҚКО-лар жұмысы қалпына келтірілді

Қазақстанның барлық өңірінде ХҚКО-лар жұмысы қалпына келтірілді

12 қаңтарда Алматы облысының ХҚКО-лары қайта қызмет көрсете бастады. Жұмыс кестесі 9:00-ден 17:00-ге дейін (дүйсенбі-жұма аралығында).

Еске сала кетейік, 6 қаңтарда Қазақстанда төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты ХҚКО-лардың жұмысы уақытша тоқтатылған болатын.

10 қаңтарда ХҚКО-лар Алматы қаласы мен Алматы облысын қоспағанда, Қазақстанның барлық өңірінде іске қосылған.

Ал 11 қаңтарда Алматы қаласының ХҚКО-лары жұмыс істей бастады. Қазіргі уақытта ХҚКО-лар еліміздің барлық өңірінде жұмыс істеп тұр.