Президент коронавируспен күрес жайында: Босаңсымау керек

Президент коронавируспен күрес жайында: Босаңсымау керек

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Үкіметтің басты міндеттерінің бірін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүкіл әлемде коронавирустың жаңа таралуы басталды. Қазақстанда аурудың күрт өсімі байқалып, тәулігіне 2 мыңға дейін жаңа жағдайлар тіркеліп жатыр. Пандемияның бүкіл кезеңінде жұқтырғандар саны 1 миллионнаннан астам адамды құрады. Сондықтан да босаңсымау және коронавируспен күресте жалғастыру маңызды. Бұл да жаңа Үкіметтің басты міндеттерінің бірі», - деді Мәжіліс отырысына бейнебайланыс арқылы қатысқан Қазақстан Президенті.