ҚР Президенті: Мемлекеттік орган басшылары халықпен сөйлесе алмайды, тіпті кейде қорқатын секілді

ҚР Президенті: Мемлекеттік орган басшылары халықпен сөйлесе алмайды, тіпті кейде қорқатын секілді

Мемлекет басшысы шенеуніктердің халықпен диалог құра алмайтындығын сынға алып, Үкімет мүшелері мен әкімдер тұрғындармен үнемі байланыста болуы керектігін еске салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шенеуніктердің азаматтармен диалогы тиімділігінің төмен екендігін айтып өткен жөн. Мемлекеттік орган басшылары халықпен сөйлесе алмайды, тіпті кейде қорқатын секілді. Үкімет мүшелері өңірлерге жиі шығуы тиіс. Ал өңір әкімдері халықпен кездесу өткізіп, тұрақты байланыста болуы керек», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, Президент елімізде әлі де бюрократияның барын айтты.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев қызметін бермей, жылдар бойы отыратын шенеуніктерді сынға алған еді.