Облыстық КТК чемпионатының финалдық ойыны өтті.

Облыстық КТК чемпионатының финалдық ойыны өтті.

2021 жылдың 6 желтоқсан күні БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстық КТК чемпионатының финалдық ойыны өтті.

Маусым соңындағы қорытынды кезеңде 5 команда өнер көрсетті. Сәлемдесу, ширату, жамбы ату және жұлдызды үй тапсырмасы сайыстары бойынша бақ сынасты.

Ойын соңында маусым бойынша жеңімпаздар анықталды. Қаратөбе ауданының – Қаратөбе құрамасы 3 орын, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ –Европолис командасы 2 орынды иеленсе, биылғы жылдың чемпионы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің – Дежавю құрамасы атанды.