Бағдат Мусин мемлекеттік наградаларды табыс етті

Бағдат Мусин мемлекеттік наградаларды табыс етті

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған  салтанатты жиында ұжымды мерекемен құттықтап, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен берілген мемлекеттік наградаларды табыс етті.

«Құрмет» орденімен экономиканы, әлеуметтік саланы дамытудағы еңбегі, мемлекеттік органдардағы үлгілі қызметі және белсенді қоғамдық қызметі үшін «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Архитектура әзірлеу департаментінің бас архитекторы Құралай Елеусізова, «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК директоры Ризат Нұршабеков, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары Біржан Жүнісов марапатталды.

«Ерен еңбегі үшін» медалі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин, «Astana Hub» халықаралық IT-стартаптар Технопаркі» КҚ бас директоры Мағжан Мәдиев, «QazInnovations Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Сұлтанбек Аймақов, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық ақпараттық технологиялар орталығының директоры Алексей Звонов, «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ Кеңістіктік мәліметтер департаменті Ауылшаруашылық өндірісіне мониторинг жүргізу бөлімнің басшысы Гүлнәр Қабжанова, ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитетінің Мемлекеттік геодезиялық бақылау және мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас сарапшысы Жанна Кереева, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ Басқарма аппаратының Жер кадастры департаментінің Іздестіру және жер мониторингі басқармасының бас маманы Николай Васильченко, «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны  «Алматыгеодезия» филиалы карталарының жетекші сарапшы-редакторы Ирина Зенковскаяға берілді.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен ҚР ЦДИАӨМ Қаржы және әкімшілік  жұмыс департаменті директорының орынбасары Жазира Рысқұлова, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Архитектура әзірлеу департаментінің директоры Йонас Станкевичус, «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК Халықаралық ынтымақтастық және перспективті жобалар бөлімінің бастығы Арман Битұрғановқа марапатталды.

«Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі ҚР ЦДИАӨМ вице-министрі Асхат Оразбек, ҚР ЦДИАӨМ Аппарат басшысы Арман Кенжеғалиев, ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитетінің төрағасы Қажымұқан Бекмұқашев, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Арман Әбдірасылов, ҚР ЦДИАӨМ министрінің кеңесшісі Әсел Молдабекова, International Data Corporation (IDC) вице-президенті Андрей Беклемишев, «Бірінші несие бюросы» ЖШС атқарушы директоры Әсем Нұрғалиеваға табысталды.

Сондай-ақ Қазақстан Републикасы Премьер-Министрінің алғыс хатымен ҚР ЦДИАӨМ Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры Мейірбек Мұқатов, ҚР ЦДИАӨМ Цифрлық трансформация  департаменті «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын мониторингілеу басқармасының басшысы Қуаныш Жомарт, ҚР ЦДИАӨМ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті «Электрондық үкіметтің» сыртқы контур жобалары басқармасының басшысы Әлия Мұқұшева, ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитеті Жерді қашықтықтан зондтау, навигациялау және ғарыш техникасын өндіру басқармасының бас сарапшысы Ғани Қанапиянов, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ Қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Байрам Азизов, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Е-лицензиялау және «Халыққа қызмет көрсету орталықтарының» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі департаментінің директоры Әлия Ахметжанова марапатталды.