Басқармада тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтті

Басқармада тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтті

Басқармада тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтті

Тәуелсіздік күні қарсаңында басқармада салтанатты мерекелік жиын өтті. Шарада мерекеге орай құттықтауларайтйлып, басқарманың өңірдің дамуына қосқан жетістіктері баяндалды. Қызметкерлердің еңбегі еленді.

Шара барысында жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген, басқарма басшысының орынбасары Нұрлыбек Аманкуловқа және мемлекеттік  инспекторлар – Канат Каплиев пен Раушан Улукпановаға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Құрметті жерге орналастырушы» төс белгілері табысталды.

Сондай-ақ, бас маман Алмагүл Жанатаева– Комитеттің Құрмет грамотасымен марапатталып, 2 қызметкер облыс әкімі О. Оразалиннің алғыс хатын алды.

Бұдан бөлек, ұжымның тәжірибелі қызметкері Абай Ашикбаев ҚР Президенті Жарлығына сәйкес «Тәуелсіздікке 30 жыл» мерекелік медалімен облыс әкімдігі ұйымдастырған салтанатты шарада наградталды.