Тәуелсіздікке 30 жыл!
Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасының ұжымы баршаңызды Республикамыздың Ұлттық мерекесі — Тәуелсіздік күнімен құттықтайды!
Биыл Тәуелсіздігімізді тәу етіп, егемендігімізді ту етіп желбіреткелі 30 жыл болды. Бұл елдігіміз үшін маңызды белес. Осы уақыт ішінде халқымыздың еркін санасы қалыптасып, егемен еліміздің жаңа ұрпағы өсіп келеді.
Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, дәулет, ырыс тілейміз! Қазақстанның тұрақты дамуы жолындағы еңбектеріңіз табысты, бастамаларыңыз сәтті болсын!
Тәуелсіз еліміз гүлденіп көркейе берсін!