«Ұлттық ономастика – ұлт айнасы: Батыс Қазақстан облысындағы ономастикалық атауларды жүйелендіру мәселелері» тақырыбында республикалық семинар

«Ұлттық ономастика – ұлт айнасы: Батыс Қазақстан облысындағы ономастикалық атауларды жүйелендіру мәселелері» тақырыбында республикалық семинар

2021 жылдың 13 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мемлекеттік ономастикалық саясаттың мақсат мүдделерін ұғындыру, өңірдегі ономастикалық бірліктерді зерделеу мен ел аумағындағы атауларды қалпына келтірудің негізгі міндеттері мен бағыттарын насихаттау мақсатында «Ұлттық ономастика – ұлт айнасы: Батыс Қазақстан облысындағы ономастикалық атауларды жүйелендіру мәселелері» тақырыбында республикалық семинар ұйымдастырылды.

Шара барысында Батыс Қазақстан облысындағы ономастикалық жұмыстың жағдайы, ономастика және ұлттық сана, ономастикалық атаулардың рухани құндылықтары, қазақ еліндегі отарсыздану үдерісі және ұлттық ономастикалық саясат, өңірдегі ономастиканың түйткілді мәселелері, облыстағы елді мекендерге және көшелерге атау беру мен қайта атаудың өзіндік ерекшеліктері жөніндегі ұсыныстар талқыланады.